1. Кейде сабақ оқығың келмей, жай ғана әлеуметтік желіні ақтарып, жата бергің келетін кездер болады. Бұл - прокрастинация деп аталады.
Прокрастинацияны қалай жеңеміз?
Алдымен өзіңе 10-15 минут қана оқимын деп уәде беріп, миыңды алдауға тырыс. Кітапты ашып, оқуды бастап кеткен соң, прокрастинация өзінен өзі жоғалып кетеді. Нәтижесінде сен 10-15 минут емес, одан да көп уақыт бойы сабақ оқып, уақытыңды пайдалы өткізетін боласың.
2. Істі кейінге қалдырмау үшін бірінші оның пайда болу себептерін анықтау қажет. Мысалы:
a) интернетке тек өзіңе қажет нәрсені іздеуге кіріп, нәтижесінде әртүрлі сілтемелер мен жарнамалық баннерлердің кесірінен жарты сағат уақытыңның қалай өтіп кеткенін байқамай қалдың;
b) Сабағыңды оқып, емтихандарыңа дайындалудың орнына қайта-қайта телефонға алаңдап, әйтеуір сабақ оқымаудың амалын жасайсың.
Байқағаныңдай, олардың көбі телефонмен байланысты, сондықтан сабақ оқыған кезде телефоныңды "ұшақ" режиміне қойып, жұмыс үстеліңнен алысырақ жерге қоюға тырыс.
3. Зерттеулер нәтижесінде келесі күнді жатар алдында жоспарлап, қағазға жазып қою - прокрастинацияның алдын алуға көмектесетіні анықталды.