1. «Научите себя думать» – Эдвард де Боно
Эдвард де Боно деген психологтың «Научите себя думать» атты кітабы ойлау жүйесін дамытуға бағытталған. Бұл кітаптың ішінде құр теория ғана емес, практикадан да мысалдар бар. Сондай-ақ кітапта ойлау жүйесін дамытуға арналған 5 қадамнан тұратын әдістеме де бар.
2. «Гении и аутсайдеры» – Малькольм Гладуэлл
Аталмыш кітапта данышпандық пен жетістік жайлы ой қозғалып, ұлы адамдардың өмірлік ұстанымдары мен ережелері берілген. Бұл кітаптың бір ерекшелігі – оны осы тақырыпта жазылған басқа кітаптармен бір уақытта оқуға өте қолайлы болып табылады.
3. «Японская система развития интеллекта и памяти» – Рюта Кавашима
Рюта Кавашима – жапондық невролог және профессор. Кітапта миды жаттықтыруға арналған екі айлық бағдарлама ұсынылған. Бағдарлама өте қарапайым және оңай. Күнделікті тапсырмаларды уақытылы орындап, миыңды жаттықтырып отырсаң болғаны.
Ал біздің курсқа қатысып жатқан оқушыларға сұрақ, миларыңды қалай жаттықтырасыңдар?