Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

IT саласына түсудің 3 жолы .

Көп оқушы IT бағытында білім алу үшін тек “Ақпараттық технологиялар” және “Ақпараттық қауіпсіздік” мамандықтарына түсу керек деп ойлайды.


Ал бұл 2 мамандыққа түсу үшін келесі жылдан бастап математика-физика емес, математика-информатика пәндерін тапсыру керек.


Алайда, IT бағытында білім алып, жұмыс істеу үшін жоғарыда айтылған 2 мамандықтан бөлек тағы 3 мамандыққа түсуге болады:

  • «Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар»

2021 жылы бұл мамандыққа 557 грант бөлінді, грантқа ең соңғы оқушы 80 баллмен түсті.

  • «Математика және статистика»

2021 жылы бұл мамандыққа 493 грант бөлінді, грантқа ең соңғы оқушы 92 баллмен түсті.

  • «Электр техникасы және автоматтандыру»

2021 жылы бұл мамандыққа 630 грант бөлінді, грантқа ең соңғы оқушы 78 баллмен түсті.

Осы үш мамандықтың таңдау пәндері математика-физика және бұл мамандықты игеріп, IT саласында жұмыс жасауға болады.

Осылайша физикаға дайындықты бастап қойған оқушылар пәннің ауысқанына қарамастан физ-мат тапсырып, IT саласына оқуға түсе алады.

Кез келген тығырықтан шығу жолы бар екенін естеріңе саламыз 🧡