Қазақша посттар
2022-08-03 17:34 Пайдалы кеңестер

Алдыңа мақсат қойғанда мыналарды жасадың ба?

1. Алдыңа үлкен мақсат қойып, аз ғана уақытта жете алам деп ойлама. Оны кішігірім мақсаттарға бөліп, бір-бірден орындау әлдеқайда тиімді. Оны орындауға мотивацияң мен ерік күшің жете ме? Мақсат құруда SMART әдісін қолдануға кеңес береміз.


2. Мақсатыңды орындауға қанша уақыт кететінін есептеп қойдың ба? Кейбір жағдайларда уақыттың аздығынан немесе тым көп уақыт бөлгеннің кесірінен, жоспарланған жұмыс жасалмай қалып жатады. Паркинсон заңына сәйкес бір күнде бітіретін іске бір апта уақыт арнасаң, бір аптада бітіресің.


3. Мақсат құратын кезде өзіңнен сұра: "Бұл мақсат мен үшін маңызды ма?" немесе "Мен осы мақсатқа жетуді қалаймын ба?". Себебі кейде ата-анамыздың, достарымыздың ықпалымен келген мақсаттарды қоюымыз да мүмкін. Өзгелердің пікірін құрметте, бірақ міндетті түрде өз пікіріңді ұстан.


4. Қаншалықты талантты болып, табандылық танытып, еңбек етсең де, өмірде сәттілік те, сәтсіздік те болады. Бұл - қалыпты нәрсе. Ондай кезде оптимистік көзқарасты ұстанып, сәтсіздіктен сабақ алуға тырыс. Сондай-ақ эмоцияға берілмей, жай ғана өзіңнен "Неге бұл іс менің қолымнан келген жоқ?" және "Бұл жағдайдан қандай сабақ алуға болады?" деп өз-өзіңе сұрақ қойып, сәтсіздікке ұшыраған жоспарларыңның себебін анықтауға тырыс.