Интуиция – ешқандай түсіндірусіз-ақ дұрыс шешімді бірден біліп тұруың. Ондай сендерде талай болған шығар. «Осылай боларын ішім сезіп еді», «Ойлағаным дәл келді» деген сияқты. Бұл ғажап қабілетті ҰБТ-ға қалай қолдануға болады?
Интуиция мәселесін тарихта алғаш рет біз көтеріп отырған жоқпыз. Қаншама жылдан бері ғалымдар мұны зерттеп келеді. Сондағы нәтиже: интуицияға сену үшін миыңда көп ақпарат болуы керек. Мысалы, гроссмейстерлердің (шахматшы) миында мыңдаған партия сақталып тұрады. 50 мыңнан аса дайын комбинацияларды біліп тұрады. Шахмат ойнап жатқанда қай фигураны жүру керектігін интуициямен біліп тұрады. Ал интуиция ол ақпаратты мидағы толып жатқан ақпаратқа сүйеніп шығарады.
Демек, ҰБТ-да интуицияның көмегіне жүгінгің келсе, онда көп оқуың, дайындалуың керек. Құр тесттен бөлек, тарих кітаптарын парақтап оқып шығу керек. Миға кірген ақпарат жоғалып кетпейді. Қажет кезінде көмекке келеді.
ҰБТ-да келген сұраққа алғашқы бір-екі секундта бірден жауап беру керек. Қай жауап дұрыс сияқты көрінсе, демек сол жауап дұрыс. Әрине, бұл тарих, география сынды пәндерге қатысты.
Интуицияны күшейту үшін ара-арасында он минут тыныштықта демалған жақсы. Бір істен шаршасаң, екінші іске ауыс. Бұны белсенді демалыс деп атайды. Бір шешімді таба алмай жатқанда, осы әрекеттер көмектеседі.
Шешімнің дұрыс не бұрыс екенін қалай білеміз? Шешім дұрыс болса, жүрегің сезеді. Ішің жеңілдеп, ешқандай жайсыздық сезінбейсің. Ал шешім бұрыс болса, ішіңнен жайсыздық, ауырлық сезінесің. Оны сезбей қалуың мүмкін емес.
Ешқандай негізсіз, ақпаратсыз құр интуицияға сеніп кетуге болмайды!