Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Оқу мен демалыстың балансы 💡

Көлік үнемі максималды жылдамдықпен жүрмейді, оған бензин құйып тұру қажет. Сол секілді оқу, оқу деп жүре берсек, миға салмақ түсіп, ұмытшақтық, тез шаршау, денсаулықпен проблемалар басталуы мүмкін. Жұмсалған энергияның орнын толтырып тұру қажет.


Жасөспірімдер концентрациямен 45-60 минут жұмыс істей алады, кейін 15 мин демалыс қажет.


Шағын кідірістер мидағы ақпаратты өңдеп, назар салуға оң әсер етеді. Осы уақытта көз гимнастикасына жаттығулар жасаса болады.


7/11 техникасы: Дем аларда 7-ге дейін санап, дем шығарарда 11-ге дейін сана. Ұзақ дем шығару адам бойындағы стресске жауап беретін реакцияны тыныштыққа ауыстырады. Осылайшы өзіңді жақсы сезінесің.


Ақпаратты тез жаттайтын кез — таңертеңгі уақыт. Кешке адамның миында "күндізгі" және "кешкі" информация шатасып, есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкеледі.


Оқу мен демалыс баланс болуы үшін өзіңе жеке график жасап көр. Мысалы, күнде таңертең 1 сағат сайын үзіліс жасап оқу. Түстен кейін денені шынықтырумен айналысып, кешке ақпаратты қайталау.


Есіңде болсын! Егер физикалық күш пен ақыл қабілетінде баланс болмаса, денсаулығыңды бұзып немесе оқуда үлкен жетістікке жете алмайсың.

Ал сен оқу мен демалыс балансын қадағалайсың ба?