Қазақша посттар
Мотивация

Жаны саудың - тәні сау! 💪

Халқымыз "Жаны саудың - тәні сау" деп жан саулығына көп көңіл бөлген. Жан саулығы деп - адамның психикалық денсаулығын, ал тән саулығы деп - физикалық денсаулықты айтады.


Ғалымдардың айтуы бойынша соңғы 50 жылда адамдардың, соның ішінде жастардың арасында психикалық ауруларға душар болу жағдайлары көбейген. Бұл әсіресе ақпараттық технологиялар заманында дүниеге келген (1990-2010) жастардан көп байқалуда.


Бұл жағдайда не істеуге болады? Психикалық денсаулыққа күтім жасаудың жолдары қандай?

  1. Зерттеулер нәтижесінде Facebook, Instagram секілді әлеуметтік желілерге тәуелді болу психикалық денсаулыққа кері әсер етіп, депрессия, ұйқының бұзылуы және адамның өз-өзіне деген сенімділігінің төмендеуіне алып келетіні дәлелденген. Сондықтан әлеуметтік желіні толықтай шынайы деп қабылдамау және ондағы адамдардың өмірі шынайы өмірдегідей керемет болмауы да мүмкін екенін түсіну маңызды. Егер ұйқың тыныш, көңілің орнында болғанын қаласаң, әлеуметтік желілерге көп тәуелді болма, одан да уақытыңды өзіңе пайдалы болатын нәрселерге жұмса.
  2. Күніне 30 минут жаяу жүру немесе бар болғаны 5 минут жаттығу жасау - көңіл-күйді көтеріп, жүйке жүйесін тыныштандырады. Ал психикалық денсаулықты қалыпқа келтіру үшін аптасына кем дегенде 150 минуттай жаяу жүру немесе жаттығу жасау қажет.
  3. Әрдайым жаңа нәрселерді үйреніп, өзіңді жан-жақты дамыт. Әртүрлі курстарға қатысып, білікті адамдармен аралас. Алдыңа мақсат қойып, соған жету де өзіңе деген сенімділігіңді арттыруға көмектеседі. Және де, ең маңыздысы, өз өміріңе, қолыңда барға риза болуды ұмытпа. Әр күн сайын өзің ризамын деп санайтын 5-10 нәрсені жазып отыруды әдетке айналдыр. Бұл негативті ойлардан, стресстен және қорқыныш пен мазасыздықтан арылудың ең тиімді де дұрыс жолы.