Халқымыз "Жаны саудың - тәні сау" деп жан саулығына көп көңіл бөлген. Жан саулығы деп - адамның психикалық денсаулығын, ал тән саулығы деп - физикалық денсаулықты айтады.
Ғалымдардың айтуы бойынша соңғы 50 жылда адамдардың, соның ішінде жастардың арасында психикалық ауруларға душар болу жағдайлары көбейген. Бұл әсіресе ақпараттық технологиялар заманында дүниеге келген (1990-2010) жастардан көп байқалуда.
Бұл жағдайда не істеуге болады? Психикалық денсаулыққа күтім жасаудың жолдары қандай?