Дайындығымды қаңтар айында болған ҰБТ-дан алған 53 баллыма намыстанып бастадым. Егер ҰБТ мамыр айында болса, бұл 5-ақ ай қалды деген сөз, соған алаңдап, бірден курстарға жазылдым.
Курста небір ақылдылар, есепті енді шашатындар отыратын, оларды көріп, мен өзіме «Айберген, қалай осынша ақымақ болуға болады», «Неге сен сондай ынжықсың», «Неге оп-оңай заттарды білмейсің» деп өзімді кінәлайтынмын.
Бұл мәселеден бөлек, түнге қарай «Курстарға көп ақша төлеп жатырмын. Ал егер грантқа түсе алмай қалсам?» деген ойлап келетін. Басқалар мен туралы «Айберген жалмаңдап видео түсірем деп, грантқа түсе алмай қалыпты» деп айтар деп түнде жыным келіп, ашудан жылап жататынмын.
Қазір түсінгенім, егер сендер осындай ойға берілетін болсаңдар, қателесесіңдер.
Ең біріншіден – «Не сравнивай свое начало с чьей-то серединой» деген сөз бар. Бұл жаңағы өзімді ақымақ сезінуім туралы.
Мысалы, сен 10 жыл бокспен айналысқан адамға келіп, неге мен секілді төбелесе алмаймын? Деп сұрақ қоймайсын ғой?! Сен оның тәжірибесі көп екенін түсінесің. Ал тәжірибе қалай жиналады? десең, көп рет «байқап көру» нәтижесінде жиналады.
Иә, егер сен келіп тест қана жаттай берсең, алғашында тесттің ешқандай сұрағына жауап бере алмай ақымақ болып отырасың, 1 ай үзбей тапсырсаң, сен шамамен тесттің 80-90% шемішкедей шағасың.
Екінші мәселем, «Ал егер грантқа түсе алмай қалсам ше?» деген. Мен сол бар болғаны 5 айдың ішінде біршама курстарға қатыстым ғой. Әр қайсысы 10 мың тұрады. Бір курстан, бір курсқа секіре бердім, «сиқырлы таяқша» іздеп... «Қайсында не бар екен? Қай мұғалім оңайырақ түсіндіреді екен?» деп. Солай, 300 мыңдай теңгенің басына су құйдым.
Ол ақша есіме түсіп кетіп, «Осынша ақша құртып жатырмын, грантқа түсе алмай қалсам ше?» деген ой келіп, күйзелдім… (жалғасы бар)
Достар, 2021 жылы ҰБТ тапсырған түлектердің басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп отырсақ, қалай қарайсыңдар? Төменге пікірлеріңді жазып кетіңдер. 👇🏻