Мойыма! Бұл өмірдің соңы емес! Қараңғы түннің артынан күн шығатынын ұмытпа!
Ата-ананың үмітін ақтай алмадым деп қынжылма, сен грантқа түспедің деп ата-анаң сені жек көріп кетпейді. Керісінше сені қолдайды. Сондай қамқоршы жандардың барына қуан.
Сен әлі жассың, өмірің әлі алда және көретін қызықтарың әлі көп. Грантсыз да оқуға болады. Өмір қиындықсыз болмайды. Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді.
Саған грантқа түсу бұйырмаған болар. Алла Тағала бәлкім басқа нәрсе дайындап қойған шығар. Сол кезде оқымадым деп өкінбе. Өкінгеннен ештеңені өзгерте алмайсың. Өткенге өкінбей тек алға қадам бас. Болашақта сол қателікті қайталамауға тырыс!
Өмірде жеңе берген адам жеңілістің дәмін татпаса жеңістің не екенін ұмытады . Сондықтан еш мойыма, тек алға!
Біздің МЫНА постқа келген хаттардың бірі.