Қазақша посттар

Өзіңді құрметтеудің 6 тәсілі

Адамдардың сені құрметтегенін қаласаң, онда алдымен өзіңді құрметтеп үйрен. Өзімді құрметтеймін деумен іс бітпейді, олай өзіңізді алдай алмайсыз.





1. Өзіңізге берген уәделеріңізді орындаңыз. Бұдан кейін ешкім туралы жаман ойламаймын десеңіз, сол сөзде тұрыңыз. Таңертең ерте тұрамын десеңіз, өзіңізге деген құрмет үшін тұрыңыз. Себебі уәдені бұзсаңыз, өзіңізді алдағандай боласыз. Біреуді алдағаннан өзіңді алдаудың соңы жаман болады.





2. Өзіңізді дамытыңыз. Қабілеттер, пайдалы әдеттер, қасиеттерді меңгеріңіз. Ол үшін курсқа барыңыз, кітап оқыңыз, видеосабақ қараңыз. Біреуден үйреніңіз.





3. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз. Әсіресе, дамып кеткен не байып кеткен біреумен. Керісінше, олар қандай қасиеттері арқылы сол деңгейге жетті, соны талдаңыз. Сөйтіп сол қасиетті сіңіруге ұмтылыңыз.





4. Өткенді кешіріңіз. Біреудің ренжіткені, ашуландырғаны, көңілді қалдырғаны бәріне жақсылап жақсы сөзбен дұға етіңіз де кешіріңіз. Былайша айтқанда, 20 кг жүкті көтеріп жүргенше, олардың өзіне беріңіз.





5. Өзіңіздің табиғи күйіңізді қабылдаңыз. Бетіңізде мең тұрса, соны жақсы көріңіз. Көзіңіз қысық болса, мен осылай сұлумын. Дәл маған ұқсайтын ешкім жоқ. мен оригиналмын деп қабылдаңыз. Сіз бұл бейнені сұрап алған жоқсыз. Сізді белгілі бір мақсатпен осындай бейнеде жаратты. Сіз осылай ерекшесіз.





6. Өзіңізді жақсы көріңіз. Эгоист немесе нарцисс сияқты емес. Бір істі көркем түрде бітірсеңіз, сол үшін жақсы көріңіз. Біреуге көмектессеңіз, сол үшін өзіңіздің ішкі даусыңызға рахмет айтыңыз. Себебі ішкі даусыңыз мынаған көмектессек қайтеді? деп идея тастайды.