Қазақша посттар

ҰБТ-дан аз балл жинап қалдым.

Енді не істеймін?


Осылай талапкерлердің 99%-ы айтып жатқанына сенімдімін. 130 балл алған талапкердің өзі мен ылғи 138 балл жинап жүрген едім сынақтан. Аз балл жинап қалғанымды қарашы деп қайғырып отыр. Біреуге балл қайғы, біреуге жан қайғы.


Егер ҰБТ-дан балыңыз аз боп шықса, бірақ шектік балыңыз бар болса, онда ары қарай былай жасайсыз:



1) Біздің жеке кеңесімізге жүгінесіз. Біз сіздің мүмкіндіктеріңізді қарап береміз. Бұл ең жақсы шешім. Ақылы 2 миллионға оқығанша, 24000 теңгеге грант алудың жауабын аласыз. Қайта 4 жыл бойы стипендия алып, тегін оқисыз.



2) Келесі жылы қайта ҰБТ тапсырасыз. Бір жыл демаласыз. Онсыз да он бір жыл оқыдыңыз ғой, демалуға құқылысыз.



3) Ақылы бөлімге тапсырыңыз. Бірақ үйіңіздің жағдайын шамалаңыз. Он жеті жылдан бері онсыз да олардың мойнында отырсыз. Қайтсеңдер де мені оқуға түсіріңдер деп жатып алып жыламаңыз. Оларға екі есе ауыр тиеді.


Негізі сізге қызығып отырмын. Өйткені сізде вариант көп. Өміріңізде жалғыз-ақ берілетін мүмкіндіктен айрылып қалсаңыз, онда басқаша жазар едім.