Қазақша посттар
2022-08-04 14:56 Мотивация

Айналаңнан не іздесең де, таңдау өзіңде!

Бір күні ұстазы шәкіртіне тәжірибе арқылы сабақ үйретпек болады. 

- Жан-жағыңа қара, бөлмеде көк түсті заттар жетіп артылады. Сен солардың бәріне мұқият назар аударып, есіңде сақтауға тырыс - деп айтады. 

Шәкірті айналасына көз жіберіп, ұстазының айтқанын мақұлдағандай ымдайды. Ұстазы ары қарай жалғастырып: 

- Ал енді көзіңді жұм да, бөлмедегі сары түсті заттардың барлығын тізіп, айтып шық - дейді. 

Бұндайды күтпеген шәкірті шағымданып: 

- Мен сары түсті ешқандай затты байқаған жоқпын, сіз тек көк түсті заттарды есімде сақтауды сұрадыңыз ғой! - деп жауап қатады. 


Сонда ұстазы: 

- Ал енді көзіңді аш. Айналаңда сары түсті қаншама заттар бар. Ал сен көк түсті ғана ойлап, соны ғана іздеп, одан басқа ештеңені де көрген жоқсың. Анығырақ айтсам, егер сен өмірден дәл осы көк түс секілді тек негативті, жаман заттарды іздейтін болсаң, онда сенің өміріңде сондай негативті және жаман оқиғаларға толатын болады. Ал егер сен, керісінше, айналаңнан тек жақсы, позитивті нәрселерді көріп, іздейтін болсаң, онда позитивті жағдайлар сенің өміріңе өздері-ақ тартылатын болады. Сен өз өміріңде ненің көп болғанын қалайсың? Позитивтің бе, әлде негативтің бе? Бастысы, таңдаудың әрқашан өз қолыңда екенін ұмытпасаң болғаны! - деп сөзін аяқтаған екен.