Қазақша посттар
Өзіңді өзің дамыт!
Пайдалы кеңестер

Өзіңді өзің дамыт!

Егер бұдан 70 жыл бұрын ата-әжелеріміз білім алу үшін көрші ауылдарға барып оқуға мәжбүр болса, қазіргі дамыған заманда оқимын, өзімді дамытамын деген адамға ештеңе де кедергі емес.


Болашақта адамдар тек мектеп пен жоғарғы оқу орындарында оқып қана қоймай, қосымша өздерін дамытып, ізденіп, оқитын болады. Ол кезде кім білімге ұмтылып, өзін дамытудан жалықпайды, сол басқалардан озады.

Өзін-өзі дамыту мен тұлға ретінде өсу - нағыз мақтауға тұрарлық нәрсе. Әрине, өмірдің өзі де бізге сабақ үйретеді. Алайда сен өз бетіңше оқып, қабілеттеріңді дамытатын болсаң, ертеңгі күні әйтеуір бір жерді тесіп шығып, топ жарып шығатыныңа еш күмәнің болмасын!