Қазақша посттар

Энергияң таусылса...

1. Таза ауада көбірек уақыт өткізіп, бөлмеңді жиі желдетуге тырыс.





2. Перделерді ашып, бөлмеңе күннің жарығы түсуін қадағала .





3. Таңғы гимнастика жаса немесе көңілді әнге биле. Бұл көңіл-күйіңді көтеріп, бір күнге жететіндей энергия сыйлайды.





4. Терең тыныс ал. Өйткені бұл сенің организміңді оттекпен қамтамасыз етіп, денеңді позитивті энергияға толтырады.





5. Жеміс-жидектерді көбірек тұтынып, жиі-жиі күлімдеуге тырыс.





6. Теледидар мен смартфонға үңіле бермей, жақсылап ұйықтап ал.





7. Сүйікті ісіңмен айналыс , фильм қара немесе жақын досыңа хабарлас. Бастысы, өзіңді қуантатын іс болсын.





8. Әрбір күніңді алдын-ала жоспарлап отыр. Бұл саған энергияңды бостан-босқа құртпауға мүмкіндік береді.





9. Жақсы істер жасап , жан-жағыңдағы адамдарға көмектесуге ұмтыл.





10. Түстен кейінгі уақытта 10-15 минуттай тынығып алуға тырыс , бұл миыңды тынықтырып, өзіңді әлдеқайда жақсырақ сезінуге көмектеседі.