Қазақша посттар
2022-08-04 17:39 Пайдалы кеңестер

Болашақта не қалайтыныңды анықта

1. Өзіңе ұнамайтын іспен айналысып, уақытыңды босқа шығын қылма. Стив Джобс секілді кейбір кәсіпкерлер осы қағиданы ертерек ұғынғандықтан, барынша өздері қалағандай өмір сүруге мүмкіндік алды.


2. Егер сен 100 рет қателік жасасаң, 101 ретте де қателесем деп ойлама. Бұл жердегі сенің мүмкіндігің 50/50 болып тұр, яғни, сенің қателесуің де қателеспеуің де мүмкін. Сондықтан қанша рет сәтсіздікке ұшырасаң да, үмітіңді үзбеуге тырыс.


3. Әр адам индивидуал болғандықтан, әркімнің өз ойы, пікірі болады. Тұлға ретінде қалыптасу үшін өзіңнің де, өзгенің де пікірін тыңдап көру керек. Есіңде сақта: басқалардың пікірі де сенің пікірің сияқты үлкен маңызға ие, сол себепті өзгенің пікірімен келіспесең де, құрметтей білгенің жөн.


4. Өзіңді тым көп іспен айналысып, қажытпа. Уақытыңды рутинаға, пайдасыз істерге азырақ жұмсап, одан да көп уақытыңды өзіңді дамытатын, болашақта маған пайдасы тиеді-ау деген істермен айналысуға жұмса.