Қазақша посттар
Өз-өзіңмен уақыт өткізудің 5 пайдасы
Пайдалы кеңестер

Өз-өзіңмен уақыт өткізудің 5 пайдасы

1. Үнемі көпшіліктің арасында жүріп, олармен көп уақыт өткізу сенің бүкіл энергияңды алып, эмоционалдық жағдайыңа кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті де, арасында өзіңмен өзің қалып, жалғыздықта уақыт өткізіп тұру қажет. Бұл сенің күш-қуатыңды қалпына келтіріп, өзіңді демалтуға көмектеседі.


2. Өз-өзіңмен қалған кезде сенің өз ойларыңды ретке келтіруге уақытың пайда болады.


3. Өзіңді зерттеу арқылы сені қандай іс шынайы қуантып, көңіліңді көтеретінін анықтай аласың.


4. Басқа адамдармен бірге болғанда, сенің қалауың олардың қалауларымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ал өзіңмен өзің қалғанда, сен не істегің келетінін өзің ғана шешесің. Күні бойы демалғың келе ме? Демал! Заманауи мұрайжайды аралағың келе ме? Арала! Қалаған жеріңе барып, қалаған ісіңмен айналыса аласың.


5. Достарыңмен шектен тыс көп араласу сенің өнімді өмір сүруіңе кедергі келтіруі де ғажап емес. Бос әңгіме айтып, бос жүргенше, ара арасында өзіңмен өзің жалғыз қалып, спортпен немесе кітап оқумен айналысқаның әлдеқайда пайдалырақ.