Музыканың адамға өте мықты әсері бар. Тек адам емес, жан-жануарға да әсер етеді. Мысалы, сиыр классикалық музыка ойнап тұрып сауылса, көп сүт береді. Шөл даланың адамдарды түйені жылдамырақ жүргізу үшін арнайы ән айтады. Жақсы әнді құстар да тыңдайды.
Адам музыкаға әуес боп жаратылған. Еңбектеген сәбидің өзі музыка ойнаса, жылауын қойып, тына қалады. Қолын ербеңдетіп билейді.
Өзіңнің музыканы қабылдау деңгейіңе байланысты оны пайдаланып көр. Біреу классикалық музыканың даусын жай қойып, сабақ оқығанды ұнатады. Музыка бұл жерде оның назарын аудармайды. Қайта артық шулардың орнын басады.
Ал енді біреу рок музыканы қатты қойып, есеп шығарғанды жақсы көреді. Себебі үлкен шу оның миын есепке шоғырландырып, басқаға назар аудармауға көмектеседі.
Мағынасын түсінетін, қосылып айтып кететін музыкаларды оқу, есеп шығару, дайындық кезінде қойма. Сабақ жайына қалып кетуі мүмкін.
Алдын ала плейлист дайындап қойғаның жөн. Себебі сабақ барысында музыка бітсе, қайтадан жаңасын іздеп отырмауың керек. Сабаққа арналған; жүгіруге арналған; билеуге арналған; үй жинауға арналған деген секілді плейлист жасап қоюға болады.