Қазақша посттар
Қызықты идея
Пайдалы кеңестер

Қызықты идея

1. Өмірге қалай қарайтының, сенің қаншалықты креативті ойлайтыныңның көрсеткіші. Уолт Дисней өзін Дисней кейіпкерлері ретінде елестетіп, мультфильмдерінің желісін соған сүйеніп құрса, Никола Тесла өзін болашақта өмір сүріп жатқандай елестетіп, соған сай өнертабыстар ойлап шығарған.


2. Эйнштейн өзін бала секілді сезініп, үнемі үлкен қызығушылықпен жан-жағындағы адамдарға әлем, кеңістік, уақыт туралы сұрақтар қойып отырған. Егер оны қандай да бір мәселе мазаласа, ол оны шешудің креативті жолдарын ойлап табуға тырысқан. Әлгі мәселені әр қырынан қарап, толықтай зерттеп болмайынша, ол бір шешімге келмейтін болған.


3. Пабло Пикассоның айтуынша суретші сурет салғанда ішіндегі барлық ойларын және сезімдерін ақтарып отырып, сурет салады. Егер Пикассоға орманның суретін салу қажет болса, ол орманға барып, тек жасыл түс жайлы ойлауға тырысатын болған. Жасыл түске әбден қанығып алғаннан кейін ғана ол картина салуға кіріседі екен. Сен де осы Пикассоның әдісін қолданып, қандай да бір мәселені шешу үшін сол мәселе жайлы барлық материалдарды жинап, танысып, ойыңа жаңа идеялар келсе, соларды негізге ала отырып, бір шешім шығаруыңа болады.


4. 20 әртүрлі затты таңдап алып, оларды екі топқа бөліп, он-оннан жазып шық. Енді сол жағындағы бір затты алып, оны оң жағындағы бір затпен байланыстырып, біріктіріп көр. Бір-біріне ұқсамайтын екі затты байланыстыру сенің креативті ойлауыңды дамытып, қызықты идеялардың туындауына әкелуі мүмкін.