Бодо Шефер - тайм-менеджмент пен қаржы мәселесі жөніндегі эксперт және танымал неміс жазушысы. Өзінің "Уақытты басқару өнері" атты кітабында уақытты тиімді пайдаланудың ұтымды жолдарымен және әр күнді қалай өнімді өткізуге болатыны жайлы кеңестерімен бөліседі. Бүгін біз сол кітаптан алынған кеңестерге тоқталып, уақытты қалай дұрыс пайдалану керектігін үйренетін боламыз.
- Барлық жасау керек істерді 4 топқа (A,B,C,D) бөліп жаз. А - өте маңызды және тез арада орындауды қажет ететін, В - маңызды, бірақ асықпай орындауды қажет ететін, С - маңызды емес, бірақ тез орындауды керек ететін және соңғысы D - маңызды емес және мүлде жасамау қажет істер (теледидар қарау, көп уақытты әлеуметтік желіге құрту т.с.с).
- Ал енді күн сайын, аптасына 2-3 рет және жарты жылда бір рет жасау керек істерді бөлек тізім етіп жаз. Мысалы спортпен аптасына 2-3 рет айналысу, дәрігерге жарты жылда бір рет қаралып тұру және тағы да басқа.
- Жетістікке жеткен адамдардың басқа адамдардан басты айырмашылығы - олар маңызды істерді атқаруға әрдайым уақыт бөледі және істі ешқашан кейінге қалдырмайды. Міне, атақты адамдардың ойлаған мақсаттарын орындап, жетістікке жетуінің себебі де осыдан.