Қазақстанда ЖОО өте көп. Олардың ішінен ең жақсысын таңдап алу қиын. Бір қызығы, бір университет барлық мамандықты жақсы оқытпайды. Әр университеттің мықты оқытатын бір мамандығы болады. ЖОО таңдау барысында ескеру керек бірнеше факторды атап шығайық.
- Жатақханасы бар ма? Өйткені пәтер жалдап тұру бәріне қолжетімді емес;
- ЖОО-ның сайтына кіріп, кітапхана, спортзал, үйірме туралы ақпарат қарау керек;
- Ең жақсысы, сол ЖОО-да оқыған адамнан кеңес сұрау керек.
- Туып өскен қаласында немесе алшақта оқығысы келетін студенттер көлікпен қатынаудың тиімділігіне мән берген абзал;
- Талапкерлердің бәрі грантты жеңіп ала алмайды, сондықтан құжаттарды тапсырмас бұрын ЖОО-ның ақылы бөліміне төленетін қаражаттың көлемін біліп алу керек;
- Университет өз түлектерін жұмыспен қамтамасыз ете ме, соны білу. Алайда аты дардай ЖОО-лар 4-курс студентіне «жұмысқа тұрдым» деген қағазға мәжбүрлеп қол қойдыртады;
- Мемлекеттік және жекеменшік ЖОО арасында айырмашылық болады, соны ескер;
- ЖОО-да ғылым кандидаттары мен профессорлар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы маман болып шығу мүмкіндігі бар. Мысалы, Асқар Жұмаділдаев лекция оқитын университеттер бар;
- Жұмыс берушілердің сұранысына ие университетті таңдауға тырысу.
ЖОО-нын кейін өкінбейтіндей жақсылап таңда. Таңдағаннан кейін өкінудің қажеті жоқ.