Ағылшын тілін білу әртүрлі емтихандарды тапсырғанда және саяхаттаған кезде пайдасын тигізіп, интернеттегі ақпараттың 90%-ға жуығын түпнұсқада оқуға мүмкіндік береді.
1. Ағылшынша оқып бастау үшін тілді А1 деңгейінде білу жеткілікті. А1 - тілдік деңгейдің алғашқы сатысы болып есептеледі. Бұл деңгейде лексикалық жағынан қарапайым және жеңіл оқылатын кітаптарға назар аударған жөн.
Егер сөздік қорыңды молайтқың келсе, қандай деңгейде болсаң да, көбірек оқи беруің керек. Неғұрлым көбірек оқысаң, тілді соғұрлым тез меңгеріп аласың.
2. Кітапты жай оқып қана қоймай, сөйлемдердің құрылымына, дыбысталуы мен орфоэпикалық нормаларға ерекше мән беруге тырыс. Шет тіліндегі кітаптарды дауыстап оқу - миды жаңа тілде ойлауға бейімдеп, сөйлеу қабілеттерін дамытады.
3. Өзіңе ұнайтын жанрдағы кітап оқысаң, тіл үйренуге деген қызығушылығың одан сайын арта түседі. Мысалы, детективті жақсы көрсең, Артур Конан Дойлды немесе Агата Кристиді, ал фантастикаға қызықсаң, Рэй Брэдберидің, Роберт Шеклидің шығармаларын оқып көрсең болады.