Тау өзенінің арнасын бекітіп, алдын дұрыстап бөгеп, қажетті жеріне бағыттаса, соған көнеді. Генераторды соқылап, айналдырып, тоқ шығарады.
Жастарды да дұрыс бағытқа бұрса, жастық жалынын жақсы іске арнайды. Уақытын Тикток түсіріп, вайн жасауға емес, телефонның сенсор арқылы қалай жұмыс істейтінін зерттеуге жұмсар еді. Қазір халыққа ауадай қажет оттегі концентраторларын елімізде өндіру мәселесін ойлап, басы қатар еді.
Жұрттың баласы тоқпен жүретін Тесла көлігін ойлап табады; аспанға ракета ұшырып, бүкіл әлемге тегін интернет таратуды ойлайды. Олардың үш көзі, он бес саусағы, бес қолы бар ма? Жоқ! Оларды жас кезінде әке-шешесі дұрыс арнаға бұрған. Тау өзенінің бойында бар жойқын күштен Тесла, Спейс Икс туындады.
Сізді дұрыс бағытқа бұратын адам болмаса, өзіңіз сол адамды іздеп табыңыз.