Шекті балл дегеніміз - бір мамандыққа немесе университетке түсу үшін ең минималды жинау керек балл.
⚠️ Маңызды : Бұл шекті баллдарды ГРАНТҚА шекті баллдармен шатастырмау керек!
Жалпы ҰБТ-ға байланысты шекті баллдар:
- Әр пәннен кем дегенде 5 балл жинау керек. Егер 1 пәннен 5 баллдан төмен жинасаң, сіздің сертификат жарамсыз болып, университетке түсе алмайсыз!
Мынандай жалған ақпарат оқушылар арасында танымал: Осы жылы әр пәннің шекті баллы 7 балл болды; Таңдау пәндерден 15-тен көп жинау керек екен .
Бұндай жалған ақпараттарға сенбе! Көбінесе мұғалімдер түлектерді бағалау үшін осылай айтып жатады.
Бірақ, ҰБТ баллына қарап баға қою заңсыз әрекет.
🏢 Университеттерге байланысты шекті баллдар:
Ұлттық университетке оқуға түсу үшін кем дегенде 65 балл жинау керек.
Ал қалған университеттерге 50 балл жеткілікті.