Қазақша посттар

Не үшін емтихан алдында серуендеу қажет?

Чак Хилман, Иллиноис университетінің профессоры студенттерге зерттеу жасапты. 20 студентті таңдап алған. 10 студентке ештеңе істетпей бірден тест тапсыртқан. Қалған 10 студентке 20 минут жаттығу жасатып, емтиханға кіргізген. Тесттен кейін олардың миының белсенділігін аппаратқа салып тексерген. Нәтижесінде жаттығу жасаған студенттердің миындағы белсенділік 7-8 есе жоғары.





Емтихан алында 20 минут серуендеп, жаяу жүрсең, аздап жаттығу жасасаң, ол сенің зейініңді жақсартып, ми белсенділігін арттырады.





Демек бізді мектепке таңертең кіргізерде жаттығу жасатуы бекер емес екен. Кез келген емтихан алында, мейлі ол сынақ, мейлі ҰБТ болсын, 20 минуттай уақыт серуендеп, жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыздар.