Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Көп талапкер жасайтын қателік

ҰБТ маңызды емес, болашаққа әсер етпейді деп қанша айтқанмен, алдағы 4 жылдың қалай өтетіні дәл осы ҰБТ-ға байланысты екені сөзсіз.


Грантқа түсіп, 4 жыл стипендия аласың ба, болмаса 4 жылда ата-анаңның қалтасынан 4 миллион теңге ақша құртасың ба, бұл тек екі нәрсеге байланысты: ҰБТ-дан алған баллың және мамандық пен университет таңдауың.


Көп оқушы ҰБТ-дан кейін 4 мамандық пен 4 университет таңдаудан жаңылады. Артынша өзі түсіп тұрған грантын ала алмай, ақылы бөлімге түседі.


Осындай қателіктерді азайту үшін біз оқушыларымызға 4 мамандық пен 4 университет таңдауға көмектесеміз.


Бұл қалай? Оқушы бізбен бірге ҰБТ-ға 31 мамырға дейін дайындалады және емтиханнан кейін біз әр оқушының баллына қарай мамандық пен университеттер таңдап береміз.

2020 жылы біздің көмегімізге жүгінген 837 оқушының 828-сі грантқа түсті. 2021 жылы 1127 оқушының 1053-і грантқа түсті (біздің курста дайындалған оқушылардан бөлек).

Айта кететін жайт, 2022 жылы біз тек Joo.kz курсына қатысқан оқушыларға ғана көмектесетін боламыз!

Курс туралы толық ақпарат алу үшін МЫНА сілтемеге өт.