Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Басқа қалада оқудың қиындықтары 😬

Талапкерлердің көбісі университетке басқа қалаға түскісі келеді. Ел, жер көргісі келеді, өмірдің жаңа қырларымен танысқысы келеді. Бұл керемет тәжірибе болып, есте мәңгі сақталып қалатын кезең. Бірақ, оңай ештеңе жоқ. Егер басқа қалаға кеткің келсе, мына қиындықтармен бетпе-бет кездесуге дайын бол.


1. Жаңа қалаға үйрену оңай емес. Бұрын көрмеген көшелер мен таныс емес аудандарды аралаймын деп, адасып та қалуға болады. Бастапқы кезде ауа-райы да таңсық көрінуі мүмкін, ауырып қалсаң, таң қалма.


2. Ата-анаңнан жырақта оқысаң, ақша жағынан біраз қиналуға тура келеді. Студенттерге берілетін шәкіртақы, өкінішке орай, бәріне жете бермейді. Бірақ жұмысқа тұруға асықпа, ол сабағыңа кедергі келтіруі мүмкін. Оның орнына, үнемдеп үйрен.


3. Үйіңде киімің жуулы, тамағың жасаулы тұрған кездерді ұмыт. Барлығын өзің істеп үйрен, басқа қалада ешкім саған ата-анаңдай қамқор болмайды. Басында қиын болады, бірақ бұл бар болғаны өтпелі кезең.


4. Жаңа қалаға келгенде, өмірдің жаңа парағы ашылғандай болады. Бұл жерде сенің бұрынғы сыныптастарың мен достарың жоқ. Жалғызсырап қалуың мүмкін, бірақ университеттен достар тауып жатсаң, жараң жеңілдейді.