Қазақша посттар

Бүгінгі әрекет - ертеңгі нәтиже

Ұзақ уақыт спортпен шұғылданбай келіп, бір күні шынықсаң, келесі күні денең ауырады.





Бүгін жатарда өлең жаттасаң, ертең оянғанда судыратып айтып бере аласың.



Күн сайын спортпен айналысып, ерте жатып ұйықтасаң, пайдалы азықпен тамақтансаң, бір айдан соң денсаулығың мығым болады.





Қазір уақытыңды пайдасыз видеолар көріп құртқанша, тіл үйренуге жұмсасаң, екі айдан соң біршама еркін сөйлей аласың. Ғылыми мақала жаза алмассың, бірақ французбен мода жайында әңгіме соға аласың.





Қазір жоспарлағаның бойынша күн сайын ҰБТ-ға дайындалсаң, біздің видеолардағы есептерді қайталап шығарып үйренсең, бір айдан соң нәтижеңде өсім бар екенін өз көзіңмен көресің. Ал бес айдан соң тесттен жоғары балл аласың. Жеті айдан соң грант ұтып аласың.





Егер бүгін ештеңе істемей отырсаң, демек бұдан бір апта бұрын ештеңе істемегенсің. Кеше бүгінді жоспарламағансың. Бүгін бос отырсың, демек ертеңің де осылай бос өтеді.





Сенің өміріңді біреу сериал деп көрсе, мынау бір іш пыстыратын нәрсе екен деп, басқа оқушының өміріне ауыстырып жіберер еді. Мынау күн сайын дайындалып жатыр. Өзін қинап жатыр. Соңында хэппи энд боп, оқуға түседі деп болжап отырады.





Бүгін қандай әрекет жасадың ертең сондай нәтиже аласың.