Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

40% түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді Неге?

«Жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан астам түлек жұмысқа орналаса алмайды. Жұмысқа тұрған түлектердің 40,1%-ы оқыған мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Мамандық таңдауда әр төртінші түлекке ата-анасы әсер етеді, ал 6.4%-ы оқу гранттарының болуына, 4%-ы достарының ұсынысына сүйенеді. Жастардың үштен бірінен астамы мамандықты өздері таңдамайды»‎. Бұл «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа реалия жағдайындағы даму»‎ ұлттық баяндамасынан алынған деректер...


Мамандық таңдау - оңай шаруа емес. Қазір ұнатқан мамандығың оқуға түскенде ұнамай қалуы немесе қалаған мамандығыңа түсуге балл жетпей қалу секілді әртүрлі факторлар мамандық таңдауды қиындатып жібереді. Сондықтан да, болашақта өкініп қалмас үшін мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек.


Сонымен мамандық таңдаудан қателеспеу үшін неге назар аудару керек? Ең алдымен мына критерийлерге назар аударып көрейік.


-Сен үшін не маңызды? Жалақысы жоғары жұмысқа орналасу ма, әлде мансап қуып, мамандық бойынша өсу ме? Әр адамның өз критерийлері болады, сен де өзің үшін не маңызды екенін анықтап алғаның жөн.

-Саған 8 сағаттық офистік жұмыс ұнай ма, әлде үйде отырып, қашықтықтан жұмыс жасау ұнай ма?

-Басқа адамдармен бірігіп, яғни команда болып жұмыс істеген ыңғайлы ма, әлде өзіңмен өзің, тыныштықта жұмыс істеген ыңғайлы ма?


Ал енді өзіңе ұнайтын 10 мамандықты алып, олар жайлы ақпараттар іздеп, мүмкін болса, сол мамандықта оқитын немесе жұмыс істейтін адамдармен сөйлесіп, кеңестерін ал. Барлық қажетті ақпаратты алған соң оларды сұрыптап, жақсылап ойланып, бір мамандықты қалдыр. Өзіңді алдағы 5-10 жылда сол мамандықта жұмыс істеп жатқаныңды елестетіп көруге тырыс. Не сезіндің? Ендігі кезекте елестетуден алған әсерлеріңді есепке ала отырып, болашақ мамандығыңды анықтау ғана қалды.

Барлық мамандықтар тізімін, шекті баллдарды, орташа жалақыны және т.б. керекті ақпаратты «Мамандық»‎ бөлімінен көре аласың. Ол үшін МЫНА сілтемеге өт.