Бұл ғылыми дәлелденген факт! Зерттеуді жүргізген доктор Чак Хилман, 🕵️Иллиноис университетінің профессоры.
20 студентті таңдап алған. 10 студентке ештеңе істетпей бірден тест тапсыртқан. Қалған 10 студентке 20 минут жаттығу жасатып, емтиханға кіргізген. Тесттен кейін олардың миының белсенділігін аппаратқа салып тексерген. Нәтижесінде жаттығу жасаған студенттердің миындағы белсенділік 7-8 есе жоғары.
Демек бізді мектепке таңертең кіргізерде жаттығу жасатуы бекер емес екен. Әлде қазір ол жоқ па??? Ол маңызды емес. Маңыздысы, құрметті оқушылар, кез келген емтихан алында, мейлі ол сынақ, мейлі ҰБТ болсын, 20 минуттай уақыт серуендеп, жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыздар.