Қазақша посттар
2022-07-26 11:52 Пайдалы кеңестер

Эколог 🌳 - XXI ғасырдың басты мамандығы

Жүздеген жылдар бойы өзгермеген климаттың өзгеріске ұшырауы, адамның қажеттіліктерінің күн санап артуы және азық-түлік пен энергия бағасының қымбаттауы - бәрі экологияға келіп тіреледі.


Эколог - болашақтың мамандығы. Әлемді алып апаттардан аман сақтап қалу үшін еңбек етіп, табиғатқа ең жақын жүретін адамдарды - экологтар деп атаймыз. Экологиялық таза өнімдерге деген сұраныстың артуы да, алдағы уақытта білікті экологиялық мамандардың қажеттілігін тудыратыны сөзсіз. Айта кетерлік, қазіргі заман талабына сай, автокөліктердің жаңа буынын жасайтын "Экологиялық автокөліктер механигі", қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді азайту үшін ұсыныс білдіретін "Экоаудитор" деген сияқты мамандықтар да жоғары сұранысқа ие бола бастайтын болады.


Экология мамандығын оқып, бітіргеннен кейін ұлттық саябақтарда, қорықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, білім беру мекемелерінде, экологиялық мониторинг зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік аласың.


Пайдалы қазбалар, мұнай өндіру және өңдеу сияқты ауқымды жобалардың экологиялық қауіпсіздікті ескермеуінің әсерінен, аймақтағы тіршілік ортасының сапасы нашарлап, бұл табиғатқа орасан зор шығын алып келуде. Сондықтан да қазіргі таңда қоршаған ортаға жанашырлық танытып, өз денсаулығымен қоса өзгелердің денсаулығын қоса ойлайтын эколог мамандар, елімізге ауадай қажет.