Қазақша посттар
2022-08-04 14:46 Пайдалы кеңестер

Мінсіз күн

Сен бір рет болсын мінсіз күн жасау туралы ойланып көрдің бе? Неге оны қазір жүзеге асырмасқа? Көптеген адам бұл сұраққа жауап бермек түгілі, ол туралы мүлде ойланып та көрмеген екен. Сонымен мінсіз күнді қалай жасаймыз?


1. Алдымен мінсіз күннен қандай әсер алғың келетінін анықтап ал. Өз мінсіз күніңде қандай іспен айналысқың келетіні жайлы ойлан. Мүмкін әдемі сурет салып немесе кішігірім

жоба қорғағың келетін шығар?


2. Өзіңнің мінсіз күніңде қандай көңіл-күйде болғың келеді? Ол күнді кімдермен өткізуді қалайсың? Әрине, мінсіз күніңде өзіңмен-өзің болып, жалғыз өткізгің келсе, ол да жақсы. Алайда достарыңмен бірге өткізсең, қызығырақ болатынын да ескергенің жөн. 


3. Кешкі уақытта бойымызда мотивация оянып, құлшынысымыз пайда болады. Сонда біз ертеңгі күнімізді мінсіз өткізуді ойластырып, жоспарлай бастаймыз. Бірақ таңертең мүлдем басқа адам боп оянамыз. Кешегі құрған жоспар ұмытылып, мінсіз күн өткізу туралы идеямыз айтылған күйінде қалады. Солай ма?

Бірақ уайымдама, бұндай жағдай әр адамның басынан өткен. Келесіде ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден мінсіз күніңді бастап кетуге тырыс. Ол үшін кешке жатар алдында міндетті түрде таңғы уақытты қалай өткізетінің жайлы ойланып, барлығын тыңғылықты жоспарлап қой. Себебі егер таңың мінсіз өтетін болса, онда қалған күнің де еш қиындықсыз әрі мінсіз өтеді.