Менің колледжден кеткен себебім: өзімнің нені қалайтынымды білдім. Мүмкін сіздер қазір ата-аналарыңның айтқанындай заңгер болуды емес, дәрігер болуды қалайтын шығарсыздар. Мен өз ата-анама егер кино саласында жетістікке жетпесем, онда колледжге қайтып барамын деп уәде бердім.
Джим Керри - атақты актёр
Менің әкем жас кезінде комик болғысы келген. Оның комик болуға барлық қабілеті бар еді. Дегенмен ол өзіне сенбегендіктен, бухгалтер болып жұмысқа кіреді. 12 жасымда әкемді жұмыстан шығарып жібереді. Сол кезде мен ұққаным: жақсы көрмейтін істе де сәтсіздікке ұшырау мүмкін болса, онда неге жақсы көретін ісіңде бағыңды сынап көрмеске? Бұл мүмкін емес секілді көрінуі мүмкін, бірақ біз соны жасап көруге тырыспаймыз да...
Эллен Дедженерес - әйгілі TheEllenShow жүргізушісі
Мен мектепті аяқтағанда өзімнің неге қабілетім бар, нені жақсы көретінімді білген жоқпын. Бармен де болдым, қабырға да ақтадым, даяшы да болып жұмыс істедім. Менің бар қалағаным - тұрақты жұмысқа орналасып, пәтерге төлейтін ақша табу еді. Жарықсыз, жылусыз, құр матрасы бар жерде өмір сүрдім. Бірақ бір күні өзімді бір шоуға қатысып, сынап көрмек болдым. Міне, сөйтіп өз өмірімді түбегейлі өзгерте алдым. Сіздерге айтарым: өз өздеріңізге сеніңіздер. Сонда бәрі жақсы болады.
Опра Уинфри - әлемдегі ең үздік телешоулардың жүргізушісі, алғашқы қара нәсілді миллиардер әйел атанған.
Қандай жетістікке жетсеңдер де бәрібір. Сендер міндетті түрде сүрінесіңдер. Өйткені неғұрлым алға ұмтылған сайын, соғұрлым төменге құлай бастайсыңдар. Сүріну -қалыпты нәрсе және сүрінген сайын өздеріңе уақыт беріңдер. Жоғалтқан нәрселеріңді ойлап, жылап алуыңа да болады. Кейіннен өз қателіктеріңді қолдарыңдағы кілт деп біліңдер. Қателіктер сендерге болашақта сабақ болады және ары қарай кім болатындарыңа өз әсерін тигізеді.
Сіздің пір тұтар адамыңыз кім? Сізді кім шабыттандырады? Комментте жазып кетіңіздер!