Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Таңдау пәнің ағылшын ба?

Ағылшын тілінде сөйлеу мен ҰБТ тапсыру екі түрлі нәрсе. Сен ағылшынша сайрап тұруың мүмкін, бірақ ҰБТ-дан оңбай құлауың мүмкін. Өзіміздің қазақ тілі мен қазақ тілінің ережесі сияқты. 6-7 жастағы баланың сөздік қоры: 3500-7000 сөз. Бала керемет сөйлегенмен, «сабақты етістік пен салт етістіктің», «бірыңғай қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемнің» не екенін білмек түгіл, мұрнына исі бармайды. Сондықтан ҰБТ-ға ағылшын тілінен дайындалу үшін ҰБТ-ның не талап ететінін білу керек.


1. Мысалы, Gerund (Герундий), The infinitive (Инфинитив), Participle I, II, Sequence of Tenses деген сияқты ереже атауларын жақсы білу керек.

2. Сөздік қорың көп болуға тиіс. Оны жаттаудың өзіндік мықты тәсілдері бар. Жеке сөзді емес, сөз тіркесін жаттау. Етістіктерді жаттағанда оның әрекетін өмірде қайталап істеу. Әр затқа стикер жабыстырып жаттау, т.б.

3. Ережелерді көбейту кестесін жаттағандай біліп алу керек. Бұл арқылы сауатты жаза аласың. Үлкен плакатқа жазып, көзің жиі түсетін жерге іліп қой.

4. Ағылшын тілінде көп оқу керек. Кітаптар, мақалалар, ғылыми зерттеулер, газет-журналдарды оқу қажет.

5. Арнайы бағдарламалар бар, ішінде грамматиканы тексеретін тесттер бар. Олар бір сұрақтан қателессең, соны қайталап жіберіп тұрады. Мысалы, Lingualeo, Duolingo, т.б. Күніне 5-10 минут сол тесттерді тапсырып отыр.

6. ҰБТ-да келген сұрақтарға қарап, қандай сұрақтар жиі келетініне талдау жаса. Сол арқылы өзің де сондай сұрақтарға ерекше дайындал.

7. Әр ереже санаңа сіңіп қалу үшін 50-100 мысал сөйлем жаз.

8. Мектепте, қалада ағылшын клубын ұйымдастырып немесе сондай клубтарға жазылып, сөйлеу қабілетіңді жетілдір.

9. Егер сенде IELTS (6.0-ден жоғары), TOEFL ITP (310-нан жоғары), TOEFL IBT (79-дан жоғары) және басқа да халықаралық сертификаттар болса, онда пән бойынша тест тапсырмауыңа болады, жай ғана сертификатты көрсетесің және 45 балл аласың.

10. Егер таңдау пәнің ағылшын тілі болса, JOO.kz-пен бірге дайындал. Ертерек тіркелсең, грант ұтып алу мүмкіндігің артады. Курс туралы толық ақпарат МЫНА сілтемеде.