Күн сайын 5 шаруаны жасап, оны қағазға жазған сайын бүгін дым істемедім деген ішкі жегіден құтыласың. Уәде еткен нәрсені істедің деп ми өзіне көңілі толады. Қолымнан бәрі келеді деген ой санаңа ене бастайды. Өзіңе құрметің артады.
Бір күшейген соң үлкен мақсаттарды да орындап тастау жеңіл болады. Бір күнде 150 бет кітап оқимын деп мақсат қойып, мүлдем орындамай кеткенше, одан да күніне 5 беттен оқып, бір айда бітіру әлдеқайда жақсы емес пе!
Жылдам дегеніміз = аз-аздан + тұрақты, күн сайын!