Күндіз оқыған материалды ұйықтар алдын бір қарап шықсаң, сосын таңда оянғанда қайталасаң, есте ұзақ сақталады. Екі күннен соң тағы бір шолып шық. Бір аптадан соң тағы бір қарап шық.
Негізгі мақсат әр қайталаған сайын оған кететін уақыт мөлшерін азайту. Басқаша айтқанда, миға қай кірпіштің қай жерде тұрғанын жалпылама еске салу. Мың кірпіштің бәрін басынан бастап санамалау емес.
Еее, мен бұны білем ғой демей, дәл айтылғаны бойынша жасаңыз. Білу мен жасау екі бөлек дүние.