1. Шахмат ойнау
Шахмат - қызықты әрі ең пайдалы спорт түрлерінің бірі. Шахмат ойнау кезінде логикалық ойлаумен қатар абстрактілі ойлау қоса дамиды. Сонымен бірге шахмат есте сақтау қабілетінің жұмысын жақсартып, миды дамытады.
2. Пианинода ойнау
Пианинода ойнау - ең кең тараған әрі ерекше хоббилердің қатарына жатады. Зерттеулер нәтижесінде пианинода ойнай алатын адамдардың IQ-і (зияткерлік коэффициенті) бірнеше есеге дейін артатыны анықталды.
3. Билеу
Би - хоббидің де, спорттың да қызметін атқара алады. Билеу - адамға ішкі гармония сыйлап, стресс деңгейін төмендетеді және ағзада серотониннің бөлінуіне әсер етеді.
4. Шет тілдерін үйрену
Жай ғана орыс тілін білу арқылы сен 260 миллион адаммен еркін араласа аласың. Ал испан тілін білетін болсаң, бұдан 3 есе көп адаммен сөйлесе аласың. Қандай керемет, солай ма?
5. Жекпе-жек өнерін үйрену
Жекпе-жек өнерін үйренудің артықшылықтары өте көп. Біріншіден, сен өз-өзіңді қорғауға көмектесетін әдіс-тәсілдерді үйренесің, екіншіден, денең мен ойыңды басқаруды, яғни екеуін баланста ұстауды үйренетін боласың