Қазақша посттар
2022-04-13 16:45

Шаруам бітті дегеннің шаруасы бітеді

Білімнің басқа қонуы үшін ең маңызды фактор не екенін білесің бе? Ол сенімділік. Өзіне сенімді адамның алмайтын асуы болмайды. Бір ғажап сөз бар: Бұл ғасырдың бір ғана проблемасы бар: ақылдылар әрдайым сенімсіз, әрекет етуге бата алмайды; ал ақымақтар өз ісінің жүзеге асатынына нақты сенімді . ҰБТ-дан жоғары балл жинайтыныңа сенімдісің бе?

Грант ұтып, университетте оқитыныңа сенімдісің бе? Иә десең, онда керемет, алға баса бер! Жоқ десең, онда санаңа перезагрузка жасайтын сәт келді. 🔁





Жоқ, мен мына түріммен грант ұта алмаймын , Қазірден төмен балл жинап жүрмін, шаруам бітетінін біліп жүрмін , Мен сияқтыларға грант қайдааа??? СПТУ-ға түсіп, сварщик не электрик болатын шығармын деген керітартпа пікірлер әр сыныпта бар. Жоғарыда айтқандай, шаруам бітті дегеннің шаруасы бітеді. Грант ұтатыныңа сенімді бол! Мыңнан бір оқушы ғана грант ұтып жатса, онда әңгіме басқаша болар еді. Қазақстанда үштің екісі грантта оқиды. Осының өзі саған сенімділік бермей ме? 😎





Сенімді болар едім, бірақ сынақ емтиханнан ылғи төмен балл жинап жүрмін десең, онда саған пайдалы кеңесім бар. Грант ұтуға кепілдік беретін курсқа қатыс. Бұл біреудің камера алдында түсіре салған курсы емес. Бұл жерде еліміздің ең мықты мамандары бар. Курстағы сабақтар сені жалықтырмайтыны сөзсіз. Оңай басыңа кіреді. Сенбесең, курс оқып жүргендердің пікірін оқы. Бұл курсты 12 айға бөліп төлеу акциясы бітуге жақын. Мүмкіндікті жіберіп алма! 🔥