ҰБТ-ны қалай қабылдайсың? 🧐
Кез келген адам басына іс түскенде, оған әртүрлі жауап қатады. Бірі оны шешуге тырысса, енді бірі өзгенің көмегін күтумен болады.
Біз оны қалай қабылдау керекпіз?
Мысалы, екі адам қатар тұрып бірдей өрмекші көрсе, олардың өрмекшіге реакциясы екі түрлі болды делік. Бірінші адам шу шығарып, қорыққаннан айқайлаумен болды. Ал екінші адам қанша қорықса да, ол өрмекшіден құтылу үшін әрекет жасады. Бір мәселе: екі түрлі көзқарас.
Дәл осы мысалдағыдай, сен де ҰБТ-ға дайындық жасап, осы мәселеден сәтті өтуге әрекет етесің немесе ҰБТ-ға , оқудың қиындығына шағымданып жүресің.
Есіңде болсын, өмірдегі мәселелердің 90%-ы сенің оларға деген қарым-қатынасың мен қабылдаған шешіміңе тікелей байланысты. Қиындықты ауыр қабылдап, өміріңе негативті әсер етуіне жол бересің бе әлде оны өміріңді өзгертудің жаңа мүмкіндігі деп қабылдайсың ба, бәрі өз қолыңда.