Тони Роббинсті өз ұстанымдарын ойлап табуға итермелеген нәрсе Бенджамин Франклиннің биографиясынан алынған жағдай екен. Бенджамин өте сауатты әрі қолынан іс келетін пысық болғанымен, ұзақ уақыт бойы өзін бақытты сезіне алмапты. Бір күні бұл жағдайды өзгертуге тырысып, өзіне ұнайтын: бақыт, достық, жомарттық және қалжың айту секілді эмоционалдық күйлерді таңдап, соларды ұстанымға айналдырған екен. Және де белгілеп алған ұстанымдарын күн сайын ұмытпай ұстаныпты. Бұл оқиға Тониге мотивация беріп, өзінің өмірлік ұстанымдарын құруға сеп болған.
Сонымен өмірлік ұстанымдар қандай болады? Және оларды қалай құрамыз?
Мысалы, мынау белгілі баскетбол ойынының бапкері Джон Вуденнің өмірлік ұстанымдары:
a) Өз-өзіңді алдамау, өз-өзіңмен шынайы болу
b) Өзгелерге қол ұшыңды созу
c) Күн сайын жаңа нәрсені үйрену
d) Кітап оқуды әдетке айналдыру
e) Әрбір күніңе риза болу
f) Қандай да бір өнер түрін үйрену
Осындай секілді қылып, сен де 7-10 бөліктен тұратын өзіңнің күнделікті ұстанатын ұстанымдарыңды жазып қоюыңа болады. Оларды орындауды ұмытып кетпес үшін көрінетін жерге іліп қой. Қаншасын орындап орындамағаныңды есепке алып отыруды да ұмытпа.
Мұндай ұстанымдар өмір сүруді жеңілдетеді. Бір шешім қабылдарда екі ойлы болмайсың. Ұстанымыңа саласың да, сарт етіп тез шешім қабылдайсың.
Біздің курстың оқушыларына «Мақсатқа жетпей тынбау» деген ұстаныммен жүруге кеңес береміз. Сонда сендер ҰБТ-ны міндетті түрде жақсы тапсырасыңдар. 🧡