Ал егер, сол теріс ойларыңызға сеніп, соның орындалатынына сеніммен қарайтын болсаңыз қорқуыңыз керек. Қолымнан ештеңе келмейді деп ойлаған кездеріңіз болды ма? Бұл өз-өзіне сенімсіздіктен туатын кері ойлар.
Сондықтан да өзімізге деген сенімділікті жоғалтпай, барлық жағдайда сыни ойлап, істің жақсы жағын да, жаман жағын да таразыға салып, зердеден өткізу керек. Жаман ойлардың орындалатына сеніп, уайымда жүрсеңіз өзіңізге негативті энергияны тартып, ойлағаныңыз орындалуы мүмкін. Сондықтан да, жақсы ойлап, позитивте жүру өмірлік тербелісімізді арттырып, жанамызға жақсы дүниелердің тартылуына септігін тигізеді. Тек қана позитивті ойлар ойлап жүрмін, барлығы жақсы болатынына сенемін деп жүру әрине жеткіліксіз, мақсатқа жету үшін еңбек керек, ал позитивті ойлар алға жылжуға стимул болары сөзсіз.
Өзіңізді тек позитивті ойлауға уйрете білсеңіз, айналаңызға өзгеше көзбен қарай бастайсыз, сіз туралы да өзгелер ойларын өзгертері анық.
Бүгіннен бастап негативті ойлардан арылуға дайынсыз ба? Олай болса, төменге + қалдырыңыз.