Грантқа түсе алмаған Аңсағанның оқиғасының бұл 2-бөлімі.
1-бөлімін МЫНА сілтеме арқылы оқи аласың. Ал біз жалғастырайық 👇
Қасына отырдым да: Мам, мен платный оқымаймын. 1 жыл жұмыс істей тұрайын, зато сізге ақша беріп тұрамын. Сөйтіп бір жылдан кейін КТА тапсырып грантқа түсем деп шештім.
Мама келісті. Сөйтіп жұмыс іздей бастадым. Супермаркетке охранник болып тұрдым. Жұмыстың алғашқы аптасында-ақ сразу түсіндім. ҰБТ, сабақ, грант дегеннің дым маңызды емес екенін) Жұмыста сенің қайда оқығаның, тесттен неше алғаның маңызды емес. Маңыздысы қандай адамсың және жұмысыңды қаншалықты жасайсың?
Ең жаманы мынау еді: Сынып болып туған күндерге жиналғанда бәәәәрі универ жайлы әңгіме айтып күшті боп отыратын. Ал мен сорлы басым сопиып әңгімеге араласа алмай отыратынмын 😂
Туған күнімдегі тілектер мынадай болатын: Келесі жылы түсесің уайымдама. Сен мықтысың ғой деген 😂
Сөйтіп бір жыл жұмыс істеп, КТА-ға дайындықты бастадым. 1 апта жетеді деп ойладым. Ештеңе есімнен шықпаған шығар деп. Осы жолы журналистиканы таңдаймын дедім. Қазақ тілі мен Қазақстан тарихын қана тапсырамын. Дальше шығармашылық емтихан. Қазақ тілден 24 Тарихтан 23 алдым. Общий 47. 3 ақ сұрақтан қате жібердім. Өте жақсы сияқты)
Шығармашылық емтиханнан 50 ден 50 алдым. 100 ден 97 толық санасақ. Ойымда: бәсе! Осы ғой керегі деген әңгіме) ЕНУ-ға тапсырдым. Иииииииии…
Әкеңнің тағы 1 балл жетпей қалған ғой. Грант 98 ден басталды дейді. Бұл не қырсықтық? Кімге не жамандық жасадым деп қоям) Сабақты қалай оқу керек грантқа түсу үшін? 100 ден 97 алдым. 3 ақ қате жібердім 3 Карл?!
Грантқа сонда идеальный адамдар түсу керек па?) Деп ойлаймын ғой жаңағы) Қазір күліп айтып отырмын. Ол кезде жымиюға шама болмаған 😂
Тағы түсе алмай қалу деген не әңгіме 😂
Сөйтіп маманы тағы диалогқа шақырамын. Алдыңғы жылғы опыт бар) Мамаға айттым: Мам көріп тұрсыз. Ақылы бар баламын. Еріншек емеспін, оқимын, мақсатым бар. Бірақ құрғыр мына тест өткізбей тұр ғой) Ниетімді білсе 1-2 баллды қосып беретін еді өзі-ақ. Айттым. Тағы бір жыл жұмыс істейін дедім. Етім де үйреніп қалып еді 😂 Жұмыстың кайфына кіріп алғанмын ғой. Сыныптастарым стипендияны күтіп жүрсе, мен зарплата алып шайқап жүрмін. Өзімше плюс іздеген түрім ғой)
Тағы 3-бөлімі бар (соңғы). Шығарайық па?)