Қазақша посттар
Пайдалы кеңестер

Кітап оқудың пайдасы

Оқу, сабақ, тест деп жүріп, кітап оқуды кейінге шегеріп қоюға болмайды. Әр нәрсенің өз орны, уақыты бар. Онсыз да алма жеп жүрмін ғой деп, бананды жемей қойсаң, қалай болады?


Кітапты оқымас бұрын оның саған пайдасы тиетінін немесе тимейтінін біліп ал. Пайдалы кітап сенің проблемаңды шешіп береді. Ал проблемаңды шешпейтін кітап санаңда жай ғана ой-өрісті кеңейтетін ақпарат боп қалады.

Сәнге еріп, адамдардың бәрі оқып жатқан кітапты “мен де оқуым керек” деп ұрынба.

Оқу керек деп тізім жасау үшін ілім-білімнен хабары бар тұлғалардың оқуға кеңес берген кітаптарын енгіз. Көзі ашық достарыңның рецензиясына сүйен.

Ара-арасында мағлұмат алу үшін емес, жай демалу үшін көркем әдебиет оқы. Ол сенің сөздік қорыңды арттырады. Көркем жазу мен сауатты сөйлеуге бейсаналы түрде үйретеді.


Кітап оқу барысында жаныңда конспект жазатын блокнот болғаны жақсы. Ұнаған сөздерді, қажетті идеяларды және кітапқа қатысы жоқ, басыңызға келген идеяларды түртіп аласың.


Кітапты жылдам оқығың келсе, көзбен оқы. Дауыстап, іштей оқыма. Көзбен ілесу қиын болса, саусақпен, қарындашпен оқы. Оқып келе жатып, басын түсінбегендей болсаң, кері қайтпа, ары қарай жалғастыра бер. Бәрібір мазмұннан түсініп аласың.

Сенің санаңда көлемі шексіз ақпараттар бар. Ми шешім қабылдағанда соларға қарайды. Ақпараттар пайдалы кітаптардан алынған болса, ми да дұрыс шешім қабылдайды.

Жалпы, кітап оқығаннан ешқашан ұтылмайсың. Кітап оқып тұр.