Оқушылардың көпшілігінде мынадай ортақ белгі бар. ҰБТ өткен соң арада 4-5 ай өткен соң тарихи даталарды ұмытады және шатастырады. Бұл не үшін орын алатынын білесің бе?
Мынадай тәжірибе жасалған. Екі адамға бірдей материал жаттауға беріледі. Біреуі 1 аптаға, екіншісі 1 айға қажет деп жаттайды. Арада 3-4 апта өткенде екі адамнан жаттағандарын сұрайды. Сонда 1 айға деп жаттаған адамның есінде көп ақпарат қалған.
Демек, біз тарихтан материал жаттағанда қаңтардағы немесе маусымдағы ҰБТ-ның уақытын санамызда белгілеп тұрамыз. Сөйтіп ҰБТ өткен соң материал ұмытыла бастайды. Өйткені әуел баста бекіткен мақсат орындалды.
Бұл дұрыс емес. Білімді өмірбақи қажет болады деп жатта.