Қазақша посттар

Дәл қазір мына 10 әдеттен бас тарт

1. Мүмкіндігіңді дұрыс бағаламау. Оны негізгі деңгейінен төмен не жоғары деп санау. Мұның нәтижесі: өз өміріңде басты кейіпкер емес, сырттан бақылаушы секілді жүріп, ешқандай жетістікке жете алмай қаласың. Көңілің қалып, күйзеліске ұшырайсың.


2. Денсаулығыңа немқұрайлы қарау. Жас кезіңде әрине, сергек, шымырсың. Сенің қазіргі ойыңды білемін, осы физикалық күйімде әрі қарай да жүре беремін деп ойлайсың. Бірақ бір-екі онжылдықтың ішінде денсаулығың қалай сыр бере бастағанын өзің де байқамай қаласың.


3. Өзіңді басқалармен салыстыру. «Менімен жасты бала өзінің кәсібін ашып, алғашқы табысын тапты, ал мен әлі ештеңе бастамадым» – деп еңсең түскен сәттер болған шығар. Ондай кездерде сен өз бағытыңды табудың орнына басқаның жүріп өткен жолына жалтақтап тұрғаныңды біл.


4. Бәрінің мінсіз болғанын қалау. Істеген ісің немесе айналаңдағы адамдар мінсіз

болмаса, сол үшін басыңды қатырып, біраз уақыт соны уайымдаумен боласың. Сөйтіп барлық назарың мен энергияңды болмайтын затқа құртып, көңіл-күйіңді де түсіресің.


5. Болашақты ойлауға көп уақыт құрту. Сағаттап алда не болатыны туралы уайымдау. Ойлашы, сол кеткен уақытты сен пайдалы іске жаратсаң бәлкім болашағың да жақсы жаққа өзгерер ма еді?


6. Өткенмен өмір сүру. Үйреншікті болып естілсе де айту керек, өткен іс өтті, ол енді қайтып келмейді. Ол жаққа аттана алмайсың, сәйкесінше, болған оқиғаны өзгерте де алмайсың. Сол себептен қайта-қайта еске алып отырған уақытың зая кетті деп есептей бер.


7. Сылтаудың түр-түрін құрастыру. Әншейінде идея керек кезде ештеңе ойлап таппайтын миың дәл сол сылтаудың алуан түрін бір мезетте тауып береді. Мұның жақсы жағы – сенің миың анау айтқандай баяу емес, жаман жағы – сен сылтауларға сүйеніп, әлі ештеңе істемей отырсың.


8. Ыңғайлы сәтті күту. Бір бастаманы бастау үшін дүйсенбіні күтіп, болмаса айдың бірінші

күнін күтіп жүретіндер бар. Бұл уақыттың ысырабы. Мысалы, сен сағаттың тура 18:00 болғанын күтіп отырмай, үй жұмысына бірден кіріссең, біршама жұмысты бітіріп үлгерер едің.


9. Үйреншікті істерге құштарлық. Мұндайды «автопилот» дейміз. Әдетке айналған заттармен айналысқан оңайырақ, ол үшін тіпті миыңды қосып та керек емес. Ал миды ең болмаса арасында жұмыс істетіп тұрмасаң, даму дәрежең орнында тоқтап қалады.


10. Өз-өзіңді алдау. «Менің уақытым жоқ, мен қазір шаршап тұрмын, мен қазір өзімді нашар сезініп тұрмын, сосын істей саламын» – таныс сөздер ме? Бұл өзіңді алдап, жұмысты әрі қарай ысыру. Бітіру керек істі соңына дейін созып жүріп, жағдайды ушықтырып алуың мүмкін.