Қазақша посттар

Мнемоника жайлы не білеміз?

Барлық адамның есте сақтау қабілеті жақсы бола бермейді. Ал айналамызда есте сақтау керек қаншама ақпарат бар. Телефон нөмірлерін, терминдерді, тіпті жаңа таныстарыңыздың есімін жаттау сізге қиынға соға ма? Олай болса постты соңына дейін оқыңыз.





Мнемоника - ұмытпайтындай етіп, ақпаратты есте сақтау өнері. Бұл техниканың бірінші ұстанымы: визуализация. Қандай да бір ақпаратты тез әрі ұзақ уақытқа дейін жаттап алу үшін, оны ойша елестетіп көру керек. Мысалы: әдемі, автобус, Пәкістан, ел деген сөздерді қалай жаттауға болады? Бір қарағанда бұл сөздердің бір-біріне ешқандай қатысы жоқ секілді, бірақ сізге оларды жаттау керек. Ол үшін миды кішкене қозғап, мынадай сөйлем құрастырып шығуға болады: Пәкістан әдемі автобустары бар ел.



Бастысы: ақпаратты жаттау болғандықтан, сөйлемдеріңіз неғұрлым біртүрлі болса, соғұрлым жақсы.





Егер сізге тарихтан хандарды жаттау қажет болса, онда әр ханға қатысты ойша бір сөзді ойлап табыңыз. Мәселен: Кенесары - кене(яғни жәндік).





Бұл әдістің тиімді жақтары: миыңызды креативті ойлауға, жаңа идеяларды ойлап табуға итермелейді. Сонымен қатар осылай жаттау, қарапайым жолмен жаттап отырғаннан әлдеқайда қызығырақ. Терминдер, формулалар барлығын да осы техниканы қолданып жаттаңыз, ара-тұра қайталап отыруды да ұмытпаңыз.