Қазақша посттар
Мотивация

Мотивация: ештен кеш жақсы 🧡

Өмірінде ешқашан берілмеген адам, ол - Авраам Линкольн.

Ол 7 жасында отбасы үйінен айырылып, Индиана штатына көшуге мәжбүр болды.

9 жасында анасынан айырылған.

21 жасында бизнес жасап, сәтсіздікке ұшырады.

22 жасында жергілікті басқару органына өтініш беріп, ұтылып қалды. Сол жылы жұмысынан айырылып, колледжге тапсырғанда түсе алмай қалды.

23 жасында инвесторлардан бизнес бастауға қарызға ақша алып, банкрот болып қалды. Кейін ол сол қарызын 17 жыл бойы төлеп шықты.

26 жасында келіншегі қайтыс болды.

27 жасында қатты сырқаттанып, төсекке таңылып, жатып қалды.

29 жасында тағы да басқару органына спикер ретінде тапсырып, жеңе алмай қалды. Келесі жылдары ол түрлі ел басқару органдарында дауыс берулерден бір жеңіп, бір жеңіліп жүрді.

34 жасында және 39 жасында конгресске тұруға дауыс беруде жеңіліп қалды.

45 жасында АҚШ сенатын таңдауда жеңіліп қалды.

47 жасында вице-президентке дауыс беруде жеңіліп қалды.

49 жасында сенатқа дауыс беру кезінде жеңіліп қалды.

51 жасында Авраам Линкольн АҚШ президенті болды!

Өмір бойы оған берілмеуге оның өмірлік ұстанымы көмектесті - “бұл тек кішігірім сәтсіздік, бірақ жеңіліс емес”.