1. Миллион оқырманым болады деп армандап, үміттенбейтін адам, бірде-бір сөз жазып бастамасын .
Бұл сөздің мағынасы Егер өзіңнің жетістікке жететініңе сенбейтін болсаң, онда ешнәрсе бастама . Шынында да, жетістікке жету үшін адамда ең бірінші өзіне деген сенімділік болу керек. ✊🏻 Себебі өз-өзіне сенбейтін және болашағынан үміт күтпейтін адам ешқашанда жетістікке жете алмайды. Оған күмәнданбасаң да болады.
2. Құр армандап отыра бергеннен пайда жоқ, сол арманыңды орындауға тырысып, әрекет етуің керек .
Мен осындай жерге барғым келеді, мен осындай тамақты жегім келеді деп құр сөзбен айтып, армандап отыра бермей, 🙅🏻‍♂️ арманыңды жүзеге асыруды ойла. Өмірде мүмкін емес ешнәрсе жоқ, талпынсаң бәрі де мүмкін. Ең бастысы, өзіңе сен, сол кезде өмірді қалай сүру керектігін бірден ұғатын боласың.