Қазақша посттар

ҰБТ-ға дайындалу үшін 12 лайфхак

Оқуды жеңілдет


ҰБТ-ға қыркүйектен бастап дайындалу керек деген заң жоқ. Қазірден бастап іске кіріссең болады. Қаласаң күніне алты сағат дайындал немесе 12 сағат. Өзіңе ыңғайлы уақытты таңдап, баста.



1. Жаңа ақпаратты оқығанда таймерді 30 минутқа қой. Уақыт біткенде 5 мин сергіп ал. Ары-бері жүріп, шай мен печенье әкеліп, жаттығу жаса.



2. Сұрақтың жауаптарын жазып, сосын оны дауыстап оқы. Оны көзбен көру арқылы үш мүшеден келген ақпарат жақсы сақталады.



3. Әр пәнге дайындалғанда әр түрлі жерде не бөлмеде дайындалған жақсы. Сонда есте сақтау ықтималдығы артады.



4. Қолыңнан фломастер, стикер дегендер түспесін. А3 форматағы плакатқа сызып, бояп, стикер жабыстырып, ассоциация жаса.



5. Интеллект карта жасауды әдетке айналдыр. Ол ақпаратты есте ұзақ сақтауға таптырмас құрал.



6. Назар аудартатын заттар, мысалы телефонды алысқа қой. Бес минуттық үзіліс жасағанда ғана қарауға болады.



7. Егер сұрақ қиын, оған біраз уақыт әрі назар бөлу керек болғанда, телефонды авиарежимге қой.



8. Оқуға дайындалғанда үйдегі адамдарға мазаламауын өтініп қой.



9. Ұзақ дайындықтан кейін 20-30 минут тынығып ал. Диванға жатып, көзді тұмшалап, демал.



10. Терең демал , бұл стресті кетіруге жақсы әдіс.



11. Қажетті заттар жаныңда болсын. Олар үшін қайта-қайта орныңнан тұрып, бара беру уақытты алады. Мысалы, су, кофе, шай, күн салқын болса қалың киім, банан, жаңғақ, т.б.



12. Артық шудан арыл. Мысалы, теледидар. Классикалық музыкамен дайындалуға болады. Бірақ ыңылдап әнге қосылып жатсаң, онда өшіріп таста.