Қазақша посттар
2022-07-26 11:54 Пайдалы кеңестер

Психолог мамандығы 🎓

XXI ғасырда адамдар тән саулығымен қатар жанның саулығының да маңызын да түсініп келеді. Тіпті кейбір алпауыт компанияларда өз қызметкерлерінің ментальды денсаулығы үшін психолог мамандарын жұмысқа алады.


Демек, психолог бұл әрдайым жоғары сұраныстағы әрі жүйелі білімділікті талап ететін мамандық. Осыдан 20-30 жыл бұрын психологқа тек психикалық ауытқуы бар адамдар жүгінеді деген стереотип бүгінгі күні мүлдем жоққа шығарылған. Тіпті әрбір 5-адамның жеке психологы бар. Керек десең, соңғы жылдары психологияға қызығушылығы басым адамдардың саны да өсіп келеді.


Сол себепті, осы мамандық иесі болғың келсе, биология-география бейіндік пәндерін таңдап, көп ойланбай дайындықты баста. Грантқа оқуға түсіп, үздік маман атан. Біздің елімізге сапалы, әрі жаңашыл психологтар өте қажет.